Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Абайдың 175 жылдығына арналған инста-байқау

Абайдың 175 жылдығына арналған инста-байқау

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу Орталығы Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай инста-байқау жариялап отыр. Байқау 17.03.2020-17.05.2020 аралығында өтеді.
Байқау мақсаты – Абай шығармаларын жұршылыққа таныту, насихаттау, жастардың сөз өнеріне, ұлттық руханиятқа ықыласын арттыру.
Бұл байқауға 16-30 жас аралығындағы мектеп оқушылары, студенттер және облыс жастары қатыса алады. Олар Абайдың өлеңі немесе поэмаларынан үзінді оқып, 87082607563 нөмірі бойынша ватсапқа жіберу. Оқылған бейнекөріністер (видео) «Абайтану және ұлттық руханият» ҒЗО ресми инстаграм парақшасына жүктеледі.

1,2,3 жүлделі орындар және «Көрермен көзайымы» (инстаграм парақшадағы ең көп лайк жинаған қатысушыға) номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталады.
Сондай-ақ инстаграм парақшадағы дауыс беру бойынша үздік деп танылған 3 қатысушыға алғыс хат пен естелік-кітап беріледі;
Бейнекөріністе (видеода) қатысушы өзі міндетті түрде көрініп тұруы керек, даусы анық, бейнекөрініс сапасы жақсы болуы қажет. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға ақшалай сыйлық тігіп отыр.

https://aqtobegazeti.kz/?p=84632&fbclid=IwAR2pbUEEXzWDfwo1kJhMHGJVZeqPsboim4kXOShSaOAX1AojRLgr9Xj_hag