Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қызметкерлерге қамқорлық

Қызметкерлерге қамқорлық

Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індетінің таралуына байланысты халық үшін қазіргі кезде басты міндет тазалық және сақтық шаралары болып отыр. Осыған байланысты Жұбанов университетінің мамандары антисептик құралдарының, яғни залалсыздандырғышты қолдан үй жағдайында да жасауға болатын кеңестерімен бөлісті.

Қолды жиі жуып, антисептик қолдану жеке бас гигиенасын сақтау, қол мен бетті таза ұстау — коронавирустан қорғанудың ең дұрыс жолы. Қазіргі жағдайда мамандар қолды жиі жууға немесе арнайы құралдармен залалсыздандырып отыруға кеңес береді.

Бүгін де дәріханаларда тапшы болған гигиеналық өнімдерді қалай дайындауға болатындығы туралы университеттің жаратылыстану факультетінде айтылды.

Ерітінді қолда бар құралдардан дайындалады, ол үшін сутегі асқын тотығы, этил спирті, глицерин, хош иісті майлар қажет. Кафедра меңгерушісі Айнагүл Апендинаның айтуынша, университеттің барлық оқу және әкімшілік ғимараттары құралдармен жабдықталалады және  кез-келген адам мұны үйде жағдайында жасай алады. Сондай-ақ,  «Химия және химиялық технология» кафедрасының өкілдері университет қызметкерлеріне арналған антисептик шығаруды қолға алып отыр.

Антисептиктер жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қолданылады. Бірақ оны өте көп пайдаланудың зиянды екенін де білген жөн.