Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті мектеп оқушыларына көмектеседі

Жұбанов университеті мектеп оқушыларына көмектеседі

Жұбанов университеті пандемия кезінде COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына жол бермеу шараларын күшейту жағдайында Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мектептерін қамқорлыққа алды.

Жұбанов университеті пандемия кезінде COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына жол бермеу шараларын күшейту жағдайында Ақтөбе қаласының «Новый» ЖОББМ, М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі, №40 ЖОББМ-не әлеуметтік серіктестік тетігін іске асыра отырып қамқорлық жасады.

Мақсаты — оқушыларды білім беру-танымдық ресурстармен қамтамасыз ету және оларды қашықтан оқытуды қолдау үшін қашықтықтан коммуникацияның барлық арналарын (ұялы байланыс, әлеуметтік желілер, бейнеқоңыраулар, электрондық пошта) белсенді пайдалануымен бірге мектепке әдістемелік көмек көрсету.

Электрондық платформаларға, әртүрлі электрондық көздерге (бейне сабақтар, сұхбат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференция, Bilim media group, скайп, google ресурстары) қол жеткізуге әдістемелік көмек көрсету. Сlassroom, MOODLE, ZOOM, электрондық пошта, WhatsApp-чаттар, ресурстар Opiq.kz., Telegram-арналар және басқа да қажетті құралдар) және
бейне-лекциялар, онлайн-лекциялар, мультимедиа-лекциялар, телевизиялық лекциялар жасауға әдістемелік қолдау көрсету, форумдар, чаттар және электрондық пошта, желілік және кейс-технологиялар арқылы кеңестер беру жүзеге асырылады.