Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Техас желісіндегі әріптестік сұхбат

Техас желісіндегі әріптестік сұхбат

Кеше Zoom платформасы желісінде Американың Техас халықаралық Білім Консорциумының президенті RobinJ.Lerner ханымның ұйымдастыруымен өткен әріптестік сұхбатқа Жұбанов университетінің атынан халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Гүлжан Шоқым қатысты.

Америкадағы бұл сұхбатқа осыдан екі ай бұрын IVLP халықаралық көшбасшы грантымен тәжірибе алмасуға барып келген қазақстандық ЖОО-дағы әріптестер мен Американың Техас штатындағы университеттерден сол сияқты Мексика, Филиппин, Сауд Арабиясы, Египет елдерінен де шетелдік ғалымдар байланысқа шықты.

Техас халықаралық Білім консорциумы Texas International Education Consortium (TIEC) — Техас штатындағы 30-дан аса мемлекеттік университеттер мен әлемдік университеттердің халықаралық білім беру жобаларымен жұмыс жасайды.

Онлайн сұхбатта әлемде орын алып жатқан төтенше жағдайларға байланысты, онлайн жүйедегі қашықтықтан оқыту жүйесі, тиімділігі, кемшіліктері төңірегінде әңгіме өрбітті.
Аталмыш шара соңында қатысушылар алдағы уақыттарда өзара тәжірибе алмасу және бірлесе атқаратын жобалар жайлы ойларын ортаға салды.