Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Рухани жаңғыру: болашақты баянды ету жолындағы істер

Рухани жаңғыру: болашақты баянды ету жолындағы істер

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарыққа шыққанына 3 жыл толды. Қалың көпшілік арасында үлкен қолдауға ие болған мақалаөткен тарихымызды және бүгінгі күн ұсынған мүмкіндіктерді саралаудың, сол арқылы тұтас қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың басым бағыттарын айқындап берді.

Бағдарлама аясында жүзеге асырылатын арнайы жобалар ұлтжандылыққа, жалпыұлттық қасиетті орындарды қорғап, насихаттауға, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытуға қол жеткізуді көздейді.

Соның ішінде «Туған жер»арнайы жобасы аясындағы «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша жерлес-меценаттардың демеушілігімен 3 жыл ішінде 10 млрд 454 млн 921 мың теңгеқаржы жұмсалып, 2020 жоба жүзеге асырылды.

Акция аясында 2017 жылыжалпы құны 5,7 млрд теңге тұратын 614 жоба, 2018 жылыжалпы құны 3,2 млрд теңгеге 786 жоба, 2019 жылы  жалпы құны 1 млрд 554 млн 921 мың теңге тұратын 620 жоба жүзеге асты.

Жоба аясында Бөкенбай батырға, Жалаңтөс Баһадүрге, Едіге батырға, Қарғалы ауданында Сәрке батырға,Алға ауданында Есет батырға, т.б. ескерткіштер ашылды.

Бой көтерген әлеуметтік-мәдени нысандар саны —318.Олардың ішінде ірі нысандар — Шығармашылық академиясы,  Жекпе-жек сарайы, Өнер орталығы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Жұбановтар әлемі» музей-үйі, «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығы, Хоккей модулі, Ойыл ауданында «Мейірім» әлеуметтік үйі, Шалқар ауданында балабақша құрылысы, Алға ауданында спорт кешені, Ақтөбе қаласында жерасты өткелінің құрылысы, т.б. бар.

Биылғы қаңтар-наурыз айларында құны 195,642 млн теңгетұратын 64 жобажүзеге асырылды.

Біздің өңірден бастау алған «Бақытты бала» бірегей жобасытуған тілін, тарихын және мәдениетін білетін, ғылыми және технологиялық жетістіктерді меңгергенжас ұрпақты қалыптастыру үшін қоғамның күштері мен ресурстарын жұмылдыруды көздейді.Жоба аясында облыста елімізде тұңғыш рет жыл бойы сауықтыратын инклюзивті «Күншуақ» лагері құрылып, аутизмі бар балаларға арналған орталық, коррекциялық балабақша, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы ашылды. 177спорттық ойын алаңы, жазғы аквапарк, Мұз сарайы, Теннис орталығы пайдалануға берілді, жеңіл атлетикалық манеждің құрылысы жүргізілді. 25 IT-класс ашылды, мектептер 24 3Dпринтерлермен, 27 робот техникасының жиынтығымен, 28 ультрақысқа фокусты проектормен жабдықталды. Облыста 120 мың бала жазғы демалыспен қамтылды, соның ішінде 15 мың бала Қазақстанның киелі және көрікті жерлеріне барып, 700-ден аса дарынды бала еліміздегі, алыс-жақын шетелдердегі үздік жазғы сауықтыру және білім беру лагерьлерінде болып қайтты. Жоба аясында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жан-жақты қолдауға да басымдық беріліп, 81 жетім балаға жаңа пәтерлер мен үйлердің кілті табыс етілді.

Жалпы, жоба аясында 3500 іс-шара өткізіліп, 100 мыңнан аса адам қамтылды. Облыс оқушылары арасында робототехникалық бағытты танымал ету, ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу және инженерлік мамандықтың беделін арттыру, білім алушыларда практикалық ойлау және техникамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында«KazRobotics» облыстық жобасыбастау алды.

2020 жылы «Туған жер» арнайы жобасы аясында балалар мен жасөспірімдерді робототехника жарыстарына бейімдеу арқылы ұлттық спорт түрлерін танымал ету мақсатында,робототехникадан «Көкпар», «Садақ ату», «Қыз қуу» облыстық чемпионаттарын өткізу қолға алынды. Командалық ойын барысында автоматты түрде басқарылатын және нақты тапсырманы шешуге арналған дербес мобильді роботтар өзара «садақ атып», «көкпар» тартысады.

Халық санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру бағытында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасынжүзеге асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыстажүргізілген зерттеу нәтижелерінен бастар болсақ, республикалық маңызы бар киелі жерлердің тізіміне біздің облыс бойынша 10 ескерткіш енгізілді.

Олар — Қобда ауданындағы Абат-Байтақ қорымы, Қобыланды батыр мемориалдық кешені және Исатай батыр кесенесі, Әйтеке би ауданындағы Әбілқайыр хан жерленген «Хан моласы» қорымы, Кенесары ханның қарындасы — Бопайдың моласы, Темір ауданындағы Досжан ишан мешіті, Шалқар ауданындағы Есет-Дәрібай батырлар кесенелері, Алға ауданындағы Есет батыр Көкіұлының мемориалдық кешені, Хромтау ауданындағы Ойсылқара қорымы, Ырғыз ауданындағы Жаманшың метеориткратері.

Ақтөбе — тарихи  және мәдени ескерткіштерге аса бай өлке. Соның бір дәлеліТемір ауданының Тасқопа елді мекені маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемі қабірінің табылуы болды.

Тасқопа қорғаны — біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырлардан қалған ескерткіш. Ол Ащы Ойыл жазығындағы ең биік төбелердің бірінде орналасқан. Қорғанның биіктігі 3 метр, ал диаметрі 60 метр шамасында. Қабірдегі қазба жұмыстары кезінде 5,7 метр тереңдіктен алтын әшекейлер, ат әбзелдерінің қалдықтары табылды. Бұл заттар қабірде тегін адам емес, билеуші әулеттің өкілі жерленгенін білдіреді. Табылған көне мұралар кәсіби мамандардың одан әрі зерттеуіне жіберілген.

Өңірдің тарихи орындары мен тарихи тұлғалары туралы мәліметтерді жаңа заманның талаптарына сай үйлестіріп жинақтау жұмыстарыда нәтижелі жүргізілді. Облыс бойынша барлығы 47 ескерткішке, оның ішінде қала аумағындағы 33 ескерткішке, аудандардағы14 ескерткішке бірегей және жекелеген QR-кодтар орнатылды. Ескерткіштерге келушілер QR-кодтар арқылы арнайы мобильді қосымшадан ескерткіш бойынша негізгі мәліметтерді (орналасқан жері, тарихы және тарихи орынмен байланысты аңыз-әңгімелер) ала алады.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасыаясында жарыққа шыққан 48оқулықтың19 696 данасы біздің облыстағы жоғары оқу орындарына алынды.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ 2018-2019 оқу жылынан бастап білім беру бағдарламаларының таңдау компонентіне 14 жаңа пәненгізді. Университет ғалымдарының шетелде жарияланған еңбектері арасынан 100 үздік ғылыми мақала енгізілген электрондық жинақ құрастырылды. «Жұбанов кітапханасының 100 кітабы» жобасы аясында ғылыми-зерттеу еңбектерден 2018 жылы 10 кітап, 2019 жылы 11 кітап баспадан шығарылды.

Облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының ұйымдастыруымен Стивен Ковидің қазақ тіліне аударылған «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» кітабы негізінде студенттерге арналған тренингтер өткізілді.

«Латын графикалық жүйесіне көшу» арнайы жобасы аясында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттау мақсатында жергілікті «Рика»телеарнасында «Латын әліпбиі — өркениет жолы», «Төрлет, төл әліпби»кешенді жобалары, жаңа әліпбиді кішкентай бүлдіршіндерге үйретуге бағытталған«Жаңа әліпбиді бірге үйренейік»және ересектерге арналған «Тілдарын»тележобалары, сондай-ақ жергілікті «Aqtóbe»телеарнасында «Жаңа әліпби – жарқын болашақ»әлеуметтік ролигі көрермендерге жол тартты.

www.til-aktobe.kz сайтында «Тілтану» қазақ тілінің жаңа әліпбиі негізінде қашықтан оқыту курсы ұйымдастырылды.

Одан бөлек, әліпбиді әр тұрғын өз күшімен оңай әрі тез үйренуі үшін «Ақылды әліпби» мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталмыш қосымша Android платформасына «Play market»-тентегін жүктеледі.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасықазақтың мәдениеті арқылы ұлттың бүкіл болмыс-бітімін, ғасырлар бойы қастерлеп келе жатқанқұндылықтарын, Ұлы дала өркениетін жер жүзіне паш ету үшін, Қазақстанның мәдени жетістіктерін әлемдік деңгейде танымалдыққа жеткізу мақсатын көздейді.

Жоба аясында ақтөбелік өнер ұжымдары«Music connects people» Қазақстан-Әзірбайжан-Түркияның бірлескен халықаралық жобасы, халықаралық «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі, «Жұбановтар  әуені — 2019» халықаралық ұлт аспаптары оркестрлер мен ансамбльдері фестивалі, «Қуыршақтар керуені» халықаралық автотурнесі,Түркия елінің Мерсин қаласында өткен V «Түркі әлемі театрларының күндері» халықаралық фестивалі,«Ежелгі әлем» халықаралық құм мүсіндер фестивалі сынды үлкен шараларға қатысты. Кипрдің Никосия, Украинаның Одесса, БельгияныңБрюссель, Ресейдің Орынбор, Мәскеу, Татарстан Республикасының Буа қалаларына гастрольдік іссапарлар ұйымдастырылды,халықаралық мәдени байланыс орнату мақсатында«Париж-Ақтөбе: Дебюссиден Жұбановаға дейін» концерті өтті. «Жұбановтар әлемі» орталығының сахнасында Франциядан келген Юг Борсарелло, Готье Эрманн сынды белгілі музыканттар және қазақстандық Қаламқас Жұмабаева, Толқын Қилыбаева, Гаухар Тасбергеновалар өнер көрсетті. Олар тыңдарманға композиторлар — Клод Дебюсси мен Ғазиза Жұбанованың шығармаларын ұсынды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде жарық көрген Елбасының​«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты міндеттер айқындалды.

«Архив-2025» арнайы жобасыаясындаРесейдің Орынбор мемлекеттік архивімен өзара келісім жасалып, ондағы тарихи құнды архивтік материалдар зерттеліп, цифрлық жүйеге көшірілді.

РФ Орынбор облыстық мемлекеттік архивіне жасалған ғылыми-зерттеу экспедициясы нәтижесінде XIX–XX ғасырлардағы Ақтөбе облысына және Қазақстан тарихына қатысты құжаттар әкелініп, 74 іс, 1295 құжаттың көшірмелері алынды, 89 іс жасақталып,облыстық архив қорына тапсырылды. «Ойыл. История в архивных документах»атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Кітаптың авторлары — Н.Жұмағалиев, О.Ярошенко. Мұнда Ойыл ауданы тарихына қатысты ерте кезеңдегі археологиялық және этнографиялық деректер, сонымен қатар ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырбасындағы Ойыл бекінісінің қалыптасу кезеңіне қатысты РФ архивтерінен алынған деректер хронологиялық тәртіппен, түпнұсқа күйінде жинақталған.

Жалпы облыстық архив қорынан5000 сақтам бірлігін құрайтын құжат сандық нұсқаға көшірілді.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясындақазақтың біртуар тілші-ғалымы, профессор Қ.Жұбановтың 120 жылдығы мен ғалым Е.Жұбановтың 90 жылдығына арналған «Жұбанов тағылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, «Ұлы даланың ұлы есімдері: Жалаңтөс баһадүр және түркі дүниесі»атты халықаралық конференциясы, «Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Әбілқайыр хан мен Бопай ханымның рөлі» ғылыми конференциясы және «Едіге батыр» эпосының 600 жылдығына орай «Едіге батыр» эпосы және ұлттық руханият» атты халықаралық конференциялар ұйымдастырылды.

Қазіргі күні «Едіге батыр» жырының неміс, ағылшын, орыс тіліндегі нұсқалары жинақталды. С.Бәйішев университетімен «Ер Едіге» қоғамдық қоры бірлесіп, Ақтөбе қаласында даңғыл атауынаЕдіге есімінің берілуіне, оның ескерткішінің бой көтеруіне ұйытқы болды. Аталмыш университетте 2017 жылдан бері едігетану пәні оқытылады.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің бастамасымен Ақтөбе-Нұр-Сұлтан-Павлодар-Семей-Жидебай-Қарағанды-Баянауыл-Қарқаралы бағытында «Жұбановтан Абайға» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырылды.

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында «Ақжелең» халықаралық күйшілер байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты — Қазанғап Тілепбергенұлының күйлерін халықаралық деңгейде насихаттау, соның ішінде оның шығармаларының өзге ұлттараспаптарымен көбірек орындалуына ықпал ету.  Байқауға РесейдіңАлтай аймағы, Башкұртстан, т.б. аймақтарынан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен және өз еліміздің түрлі өңірлерінен күйшілер қатысты.

Бағдарлама аясындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасын таба береді. Біз сөзімізді Елбасы мақаласынан алынған мына үзіндімен аяқтағымыз келеді: «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін».

Нұрлыхан ХАСЕНОВ,

облыстық «Рухани жаңғыру»

бағдарламасын басқару орталығының басшысы.

https://aqtobegazeti.kz/?p=85978