Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті байқау жариялайды

Жұбанов университеті байқау жариялайды

Жұбанов университеті 85 жылдық мерейтойына орай  «Жұбанов Маршының» сөзі мен әнін шығару үшін байқау жариялайды.
Байқауға ниет білдірген кез келген тұлғалар қатыса алады.

«Жұбанов Маршының» мәтіні эмоцияға толы, рухты көтеретін мазмұнды болуы қажет. Сондай-ақ университет миссиясы туралы, оның тарихының негізгі кезеңдері туралы, университет дәстүрлерінде тарихи еңбектері мен оқу ордасының материалдық және рухани мәдениетін дамытудағы рөлі болу керек.

«Жұбанов Маршының» әуені жұмыстың жанрына сәйкес салтанатты, экспрессивті және жаттауға жеңіл болуы қажет.

Комиссия шешімімен университеттің «Жұбанов Маршы» ретінде бекітілген ән байқау жеңімпазы деп жарияланады.

Байқау жеңімпазы 400 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Байқау 2020 жылдың 13 сәуір айынан 1 шілде айына дейін жалғасады.

Қосымша сұрақтар үшін +7 707 178 07 80 телефонына хабарласуыңызға болады.