Вторник, Октябрь 26, 2021
Басты > Жаңалықтар > ProActive академиясының ағылшын тілі курстары

ProActive академиясының ағылшын тілі курстары

Жұбанов университетінде ProActive академиясының жобасы Online Social English courses ағылшын тілін үйрету курсы басталған болатын.
Қазіргі таңда елдегі төтенше жағдайға байланысты Жұбанов университетінің жас мамндары мен студенттерінен құрылған команда 40-қа жуық студентті ағылшын тіліне үйретуді бастады.

Аталған курсқа тіркелу үшін арнайы тіркемедемен өтіп, ағылшын тілінің деңгейін анықтайтын тесттен өтуі керек және оның нәтижесі бойынша топтарға бөлінеді.
Оқу процесі қазіргі күні SKYPE және ZOOM платформаларында өтуде. Ағылшын тілі курсы деңгейге байланысты 1-3 айға созылады, оқу аяқтаған соң ағылшын тілі дәрежесін растайтын сертификат табысталады.

— Жоба болашақта өз жемісін береді деген ойдамыз. Өйткені, бұл оқу біріншіден – өте тиімді, екіншіден — қолжетімді. Ал, үшіншіден — бұл адамның реализацияға айналдырғысы келген кішкентай ғана арманы деп ойламыз,-дейді жоба ұйымдастырушылары.