Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жас Жұбановшыларға арналған тренинг

Жас Жұбановшыларға арналған тренинг

Кеше Жұбанов университеті мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалының бірлескен «Денсаулық психологиясы» жобасы аясында «Стресс менеджмент» тақырыбында онлайн форматта тренингі өтті.

Тренингті ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалының доценті, PhD, коуч-тренер Құндыз Қуанжанова өткізді.
Тренинге қатысушылар тренингтен кейін өздерінің және басқалардың эмоцияларын тану мен түсінуді, ішкі сезімдері мен түрлі жағдайларды басқаруды, сонымен қатар стресстік жай-күй мен стресске төзімділікті нығайтуды үйренді.