Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Онлайн кездесу

Онлайн кездесу

Университеттің Ғылыми кеңесінде  2019-2020 оқу жылындағы жазғы сессия мен өткізу және  қорытынды мемлекеттік аттестаттау  мәселелері қаралды.

Жиынға Ғылыми кеңес мүшелері, университет құрылымдарының басшылары, кафедра меңгерушілері, Оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан білім беру орталығының әдіскерлері, факультет декандарының орынбасарлары, факультеттердің әдістемелік кеңес төрағалары, эдвайзерлер қатысты.

Отырыста студенттерді аралық аттестаттау, қорытынды мемлекеттік аттестаттау, Жоғары колледж бойынша аралық аттестаттау мен мемлекеттік емтихандарды өткізу формасы, бітірушілерді түлектерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау, магистратура және докторантура бойынша аралық аттестаттау мен қорытынды мемлекеттік аттестаттау мәселелері көтерілді.

Осы мәселелерді талқылау және түсіндіру үшін факультет оқытушылары мен студенттерімен онлайн жиналыстар ZOOM бағдарламасы арқылы төмендегі кестеге сай өтеді:

 

23 сәуір

14:00 Филология факультеті

15:00 Техникалық факультеті

16:00 Экономика және құқық факультеті

17:00 Жаратылыстану факультеті

18.00 Кәсіби-шығармашылық факультеті

 

24 сәуір

14:00 Педагогика факультеті

15:00 Физика-математика факультеті

16:00 Тарих факультеті

17:00 Жоғары колледж