Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Хабарландырулар > Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады

Жұбанов университетінің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті 9 мамыр — Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Естеліктің шегі болмайды!» тақырыбында Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер суретін және оған қосып жазған хаттарынан естеліктер болса инстаграм парақшаға жариялау акциясын бастайды.

Акцияның Отанның тарихына құрметпен қарау, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу; Ұлы Отан соғысының батырларын мәңгі есте қалдыру; жастар бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру; мейірімділікке, әділеттілікке, гуманизмге және басқа да оң әмбебап адамдық қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сіздің майданда болған ата-әжелеріңіздің естелік хаттары болса, өз инстаграм парақшаңызда суреттерін және қысқаша өмірбаянын жазып #жеңіске75жыл хэштэгімен @zhubanov.university инстаграм парақшасын белгілеуіңізге болады.