Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Президент мәлімдемесі үлкен сенім мен зор жауапкершілік жүктейді

Президент мәлімдемесі үлкен сенім мен зор жауапкершілік жүктейді

Нұртаза Абдоллаев,

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Қазақстан Республикасы Президентінің үндеуін мұқият тыңдап, әрқайсымыз карантинді кеңейту шаралары қажет деген қорытындыға келуіміз керек. Бұл өте маңызды және өзекті мәселе, өйткені біз әлемде не болып жатқанын бәріміз білеміз.

Бұл үндеуді қолдау және Қазақстанда карантинді көрсетілген мерзімге дейін созу қажет деп санаймын.

 

Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы

философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі.

Қазіргі уақытта еліміздің кейбір жерлерінде індет шарықтау шегіне жетіп, оның таралу қауіпі бесеңдеп келеді. Бұл мемлекет тарапынан уақытылы, алдын ала дер кезінде қабылданған шешімнің нәтижесі. Яғни ел, халық болып жасалынып жатқан жұмыс өзінің оң нәтижесін беріп отыр. Бірақ әлемде әлі қауіп сейілмей тұр. Осы себептен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімнің талаптарын орындап, ел, қоғам болып бірігу, халықтың, соның ішінде әр азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қолдау деп есептеймін.

Бүгінгі ұрпақ ғылымы дамыған уақытта өмір сүруде. Біздің де елімізде қауіпті індетпен күресуге күші жететін ғылым, білікті ғалымдарымыз, дәрігерлеріміз бар. Бұл қазірдің өзінде зерттелуде. Бір ұлттың, адамзаттың өміріне зардабын әкелетін бұндай індет тарихта да болды. Қоғам мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға құрметпен, жауапкершілікпен қарайтын болса бұл уақытта артта қалмақ.