Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шеберлік сағатын өткізді

Шеберлік сағатын өткізді

Жұбанов университетінің 85 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының оқытушылары Татьяна Коробкова мен Юлия Хвостова ZOOМ платформасы арқылы университет түлектерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге Жұбанов университетінің «Журналистика» мамандығының түлегі, «Новая газета» сайтының продюсері, «Новая газета» (Мәскеу) тілшісі Вячеслав Половинко қатысты.

Вячеслав Половинко студенттер мен оқытушыларға «Қазіргі Қазақстанда және орыс журналистикасында орыс тілін қолдану ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Кездесуде университет түлегі студенттерге қазіргі журналистердің қызметі мен медиа саласының мүмкіндігі туралы әңгімеледі.

Студенттер үлкен қызығушылық танытып, тақырыпты талқылауға белсенді қатысты.