Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Аралтөбелік майдангерлер

Аралтөбелік майдангерлер

Жеңіс-75

Әйтеке би ауданы, қазіргі Қызылжұлдыз ауылдық округінің орталығы — Аралтөбе ауылынан 1941 жылы майданға 76 азамат аттанып, соның біразы елге оралмады.Біразы майдан даласында жараланып, кейбірі елге аяқтан, қолдан, көзден айырылып келді. Бейбіт өмірде де соғыс ардагерлері ешқайсысы кеудесін кермей, қарапайым қалыптарында ауылдың экономикасына, оның ішінде ауыл шаруашылығын көркейтуге өз үлестерін қосты,өле-өлгенше аянбай еңбек етті. Қазір Аралтөбеде көзі тірі ардагер қалмады.

Ардагер аталардың рухына тағзым етіп, ерлігін ұмытпай ұрпаққа дәріптеп отыру да — патриоттық тәрбие.  Жастар өздерінің қайдан шыққанын, кімнің ұрпағы екенін, кіндік қаны тамған жерін, Отанын біліп өскені абзал.

Сол мақсатпен қолыма қалам алып жазып отырмын.

Жолымбетов Төрехан атамыз«Қызыл жұлдыз»  орта мектебінде алғашқы әскери дайындықтан сабақ берді,өте мейірімді адамгершілігі мол, еңбекқор кісі болатын.

Ал Ұлы Отан соғысына және фин соғысына қатысқан Жарқынбаев Лайық атамыз —  «Қызыл Жұлдыз» орденінің және т.б. көптеген медальдардың иегері еді.

Көлімбетов Қартбай ата мен Төреғұлов Орынбасар атаныңмедальдары көп болатын.  Олар өздерінің өмірлік тәжірибесімен жастарға үлгі болып, ауылда адал қызметтер атқарды.Соғыс ардагері Бисеналин Ахмет атағаАқтөбе қаласынан екі бөлмелі пәтер берілді. Ол кісі 5-6 жылдықта қайтыс болды.

Ал әкеміздің ағасы Жарбол Кіребайұлы соғысқа екі рет барған. Әуелі ауыр жарақаттанып елге қайтып келіп, екінші рет барғанда соғыс аяқталып, елге аман оралған. Соғыстан кейінгі 1950 жылдары әкеміз татар қызы Әсия шешемізге үйленіп, екеуі жеті баланы тәрбиелеп өсірді, оқытты. Үш кластық біліммен ауылда есепші болып қызмет атқарды,  бәрімізге өмірден түйгендерін әңгімелеп отыратын.  Ұлы Жеңістің 40 жылдығына бір айға жетпес уақыт қалғанда,  1985 жылы 14 сәуірде дүниеден өтті. Жас болдық па,  әкеміздің қай жерде соғысқаны туралы жазып алмағанымызға өкінеміз.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойында ата-әкелеріміз туралы біз айтпасақ, кім айтады? Қазіргі жастар, болашақ ұрпақ батыр аталары туралы біліп өссін деген мақсатпен Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылынан шыққан, қанды майданнан аман оралып, бейбіт күннің дәмін атқан 60 майдангердің аты-жөндерін атап өтуді жөн көріп отырмын. Сонымен олар — аралтөбелік майдангерлер:

  1. Асанов Әміржан (1905-1959)
  2. Алатаев Ықылас (1906-1968)
  3. Әубәкіров Омар (1900-1977)
  4. Әубәкіров Шегір (1905-1996)
  5. Бижанов Хасен (1914-1997)
  6. Басаров Ізбас (1918-1998)
  7. Байшотанов Серікбай (1919-1990)
  8. Байымбетов Әділхан (1920-1994)
  9. Байгелдинов Жұмақан (1918-1975)
  10. Баяділов Қожамберлі (1922-1980)
  11. Бисембаев Жалмағанбет (1898-1981)
  12. Байгелдинов Тақаш (1924-1993)
  13. Бисембин Смағұл (1908-1969)
  14. Бадақов Таубе (1894-1985)
  15. Байсанов Ермек (1926-1983)
  16. Досниязов Қуаныш (1898-1990)
  17. Елеуов Жұмағали (1922-1990)
  18. Ешов Көптілеу Ембергенұлы (1912-1986)
  19. Жарқынбаев Лайық (1912-1968)
  20. Жалмағанбетов Жүсіп (1901-1969)
  21. Жалғасбаев Аяған (1906-1993)
  22. Жанаев Онбай (1906-1969)
  23. Жұмагұлов Серікбай (1907-1986)
  24. Жолымбетов Төребай (1921-1978)
  25. Жолдасов Әбіш (1910-1995)
  26. Жухин Сүлеймен (1912-1980)
  27. Кіребаев Жарбол Кіребайұлы (1923-1985)
  28. Кенжалин Ыбырай (1902-1977)
  29. Коблашев Қожаберген (1912-1975)
  30. Курилов Иван Иванович (1900-1963)
  31. Қартабаев Мұса (1918-1978)
  32. Қуанышев Орынбасар (1917-1964)
  33. Қосжанов Лез (1911-1978)
  34. Құрманбаев Төрегелді (1893-1983)
  35. Қосжанов Құлынтай (1906-1967)
  36. Қожахметов Дінахмет (1924-1969).
  37. Қанатбаев Қопаш (1914-1978)
  38. Манатбаев Мұханбеткерей (1898-1972)
  39. Мектепов Өтеген (1916-1992)
  40. Мусин Қанғали (1918-1999)
  41. Мендіқұлов Бимағанбет (1906-1964)
  42. Оразалин Серікбай (1907-1973)
  43. Өтепбаев Жарылқап (1916-1981)
  44. Смайылов Құсайын (1905-1991)
  45. Сахиев Дұзбай (1879-1953)
  46. Таганаков Орда (1907-1972)
  47. Тәжібаев Қали (1906-1972)
  48. Тәжібаев Хасен (1907-1986)
  49. Тәжібаев Қошабай (1901-1984)
  50. Төреғұлов Орынбасар (1922-1996)
  51. Төруғұлов Разақ (1898-1983)
  52. Төлегенов Итеш (1914-1993)
  53. Тлепбергенов Базармағанбет (1905-1967)
  54. Тілеумбетов Жүгініс (1904-1984)
  55. Ұзақбаев Боранбай (1889-1956)
  56. Ұлықпанов Мұрат (1904-1958)
  57. Ұлықпанов Отай (1916-1966)
  58. Халиков Ниязғали 1906-1980
  59. Шаңғытпаев Ырыздық (1910-1975)
  60. Ізтілеуов Жантолы (1925-1985).

Жеңістің жетпіс бес жылдығында марқұмдардың аруағы риза болып, бір аунап жатсыншы.

Бейбіт өміріміз мәңгілік болғай!

 

Күлшат КІРЕБАЕВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультетінің кітапханашысы.