Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Онлайн турнир жеңімпазы анықталды

Онлайн турнир жеңімпазы анықталды

Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған тоғызқұмалақ онлайн жарысының жабылу рәсімі өтті.

Доданың жабылу рәсіміне университет басшылығы, жарысқа қатысқан командалар жетекшілерімен, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттік сенаторлар, студенттік құрылымдар белсенділері қатысты.

Турнир жеңімпаздары мен қатысушыларын жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрбек Қабиев, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Нұржан Бердыбаев және кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы Сабыржан Мұхтаров құттықтады.

ZOOM қосымшасы қызметі арқылы өткен турнирдің жабылу салтанатында ұйымдастырушылар пандемиядағы жарыстың ерекше маңыздылығын және ұлттық ойын — тоғызқұмалақты насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Байқау нәтижесі бойынша І орынды кәсіби-шығармашылық факультетінің командасы, ІІ орынды физика-математика факультетінің командасы, ал ІІІ орынды жкономика және құқық факультетінің командасы иеленді.