Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қазақстанда алғаш рет дәрігерге дейінгі көмек көрсету орталығы ашылады

Қазақстанда алғаш рет дәрігерге дейінгі көмек көрсету орталығы ашылады

Биыл Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасындағы алғашқы Польшадағы Еуропа Спорт және Қорғау (Быдгощ) орталығы  ашылады.

«Демократияға еркіндік» Халықаралық Қорының польшалық-американдық гранты жақында RITA бағдарламасының «өңірді түрлендіру» серіктестік жобалар байқауының  нәтижелерін жариялады.
Олардың ішінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  Польшадағы Еуропа Спорт және Қорғау (Быдгощ) орталығы мен Быдгощ экономика университетінің  бірлестікте дайындаған жобасы үздік 1 орынды иеленді.

Айта кетейік,  жобаларын ұсынған  80 қатысушының ішінен  іріктелген 13 жобаның қатарынан көрініп отыр. https://programrita.org/wp-content/uploads/2019/04/lista-dofinansowanych-wiosna-2020.pdf

Гранттық жоба Қазақстанда алғаш рет  ультра замануи құрылғылармен жабдықталған адам денсаулығын сақтаудың алдын алу қызметтеріне лайықталған және польшалық жоғары дәрежедегі сарапшы-мамандардың оқыту бағдарламаларын қамтитын Ақтөбеде жаңа орталық ашуды көздейді.

Аталмыш орталық Ақтөбе облысының студенттері мен оқушыларына арналған дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетудің заманауи орталығы. Мысалы, орталықта алғашқы шұғыл көмек көрсету әдістерін симуляциялық зертханалар өндірісіндегі әлемдік көшбасшы – Laerdal норвегиялық фирмасының ең жоғары класты заманауи еуропалық жабдықта оқуға болады. Мұнда польшалық сарапшылар алдын ала алғашқы медициналық көмектің заманауи талаптарын үйретеді.

Жоба авторлары орталықтың жұмыс істеген алғашқы жылында Қазақстанның 30 000-ға жуық азаматы қатысатынын қарастырып отыр, бұл өз кезегінде алғашқы медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда құтқару мүмкіндігін арттырады.

Сондай-ақ,  2021-22 оқу жылынан бастап Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде  барлық студенттер үшін алғашқы медициналық көмекті оқытудың жаңа бағдарламасы енгізілетін болады. Оқу бағдарламасын өту қорытындысы бойынша студенттер сертификаттар алады.