Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Талапкерлерден құжат онлайн қабылданады

Талапкерлерден құжат онлайн қабылданады

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 2020-2021 оқу жылына құжатты онлайн түрде қабылдап жатыр. Ол үшін университеттің ресми arsu.kz сайтына кіріп, онлайн құжат тапсыру нұсқамасын басу қажет. Құжат қабылдау мамырдың 10-на дейін жалғасады. Сәуірдің 20-нан бастап қабылдау комиссиясына 150-ден астам өтініш пен құжат түскен. Ал түпнұсқасын төтенше жағдай аяқталған соң тапсыруы қажет. Әзірге Ұлттық Біріңғай тестілеуден қыркүйек айында өтіп, сертификат алған мектеп бітірушілер құжаттарын тапсыра алады.

https://youtu.be/ZkP_IuCHCUw

https://aktobetv.kz/kz/news/society/talapkerlerden-kuzhat-onlain-kabyldanady