Вторник, Январь 31, 2023
Басты > БАҚ біз туралы > Береке басы – бірлікте

Береке басы – бірлікте

Әлемді жайлаған індет қаупі өмірімізді өзгертті. Оның алдын алу мақсатында елімізде дер кезінде қабылданған қауіпсіздік шаралары біраз қиыншылықтың алдын алуға септігін тигізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ екендігі, қазіргідей күрделі кезде әрбір азаматтың мемлекет назарында болатыны, ешкімнің қиындықта қалмайтыны туралы айтылды. Сонымен қатар еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басып отырғандықтан, экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды әрі маңызды өзгерістер қажет екендігі атап көрсетілді.

Жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра беретін болды. Ел болашағы – жас ұрпаққа білім беру ісі сын сағатта кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде шешімін табуда.

Батыс Қазақстан өңіріндегі ірі оқу ордасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 14 мыңнан астам білім алушыны қашықтан оқытуға барлық жағдай жасалды. Бүгінгі таңда аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттауды өткізуге дайындық барысында білім алушыларды аттестаттауды өткізу тәртібімен таныстыру, аттестаттау барысында академиялық адалдықтың сақталуы секілді нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Осындай сын кезеңде шыдамды, төзімді болып, сабыр мен қанағатты мұрат тұтайық! Бірге болсақ, алынбайтын асу жоқ!

 

Мира БАЛТЫМОВА,
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ бас ғылыми хатшысы

 

https://bilimdinews.kz/?p=101349