Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Форум аясындағы университет жетістігі

Форум аясындағы университет жетістігі

Жақын күндері қаламызда  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған «Ақтөбе — құтты мекен» республикалық форумы өткен болатын. Облыс басшылығының бастамасымен өткізілген бұл шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті де атсалысып,  бірқатар шаралар, кездесулер өткізді.

Форум аясында университетте «ARSU» медиа орталығы, «Жұлдызды түлектер» аллеясы, «Құдайберген Жұбанов» атындағы конференц-залы, «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Инновациялық технологиялар паркі ашылған болатын. Аталмыш паркте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалған «Жобалық кеңсе» және 20-ға жуық зертханалар  мен орталықтар жұмыс жасайды.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы «Рухани жаңғыру» баяғдарламасы аясында Ақтөбе қаласында тұңғыш рет өткен «Туған жер» республикалық форумының ұйымдастырылуына және жоғары деңгейде өтуіне белсене қатысқаны үшін университет ұжымы мен студенттеріне алғыс хатын жолдады. Алғыс хатта: «Батыс өңіріндегі білімнің қара шаңырағы саналатын университеттің ұжымы мен студенттері форум дайындығына белсене қатысып, өздерін туған жердің жанашыр перзенті ретінде көрсете білді. Бұл тәрбие жұмысының дұрыс бағытта жүргізіліп отырғандығының белгісі»,- деп атап көрсетілген.

Форум жұмысы аясында өткен шараларға белсенділік танытқан университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерін құттықтаймыз!