Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Америкалық серіктестерімен әлемдік сұхбат алаңында бас қосты

Америкалық серіктестерімен әлемдік сұхбат алаңында бас қосты

Жұбанов университетінің халықаралық ынтымақтастығының бастауында Американың Теннеси технологиялық университеті мен Индиана университетінің өзіндік орны бар. Ағылшын тілін еркін игерген студенттеріміз Теннеси технологиялық университетінде мамандықтарына сәйкес білімдерін жетілдірді. Индиана университетінің профессоры Кристоффер Рис жыл сайын келіп студенттерге дәріс өткізіп, университет ғалымдарымен бірлескен ғылыми тәжірибе алмасуды жалғастырып келеді.
Бүгінгі күні осы байланыстың көкжиегі кеңейіп, ынтымақтастығымыздың ырысы артып жатыр.

Оқу ордасының мерейлі жылы Қазақстандағы АҚШ Елшілігі тарапынан ұсынылған 5 гранттық жобаны иеленіп, әлемдік білім айдынына шықты.
Соның ішінде Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен АҚШ мемлекеттік департаментінің IVLP Халықаралық ынтымақтастық көшбасшылары бағдарламасы бойынша америкалық серіктестермен ынтымақтастық орнату Техас, Мичиган штаты университеттерімен жалғасын табуда. Өткен апта бойы өткізілген Мичиган мемлекеттік университеті профессорлары ұсынған төтенше жағдай кезінде қашықтан оқыту тәжірибелік сабақтары мен Техас білім беру консорциумының серіктестік аясындағы іскерлік сұхбаттары болашақтағы маңызды қадамдардың бастамасы болары анық.

Кеше Қазақстандағы АҚШ Елшілігі өткізген онлайн жиында да IVLP сапарының Америкалық университеттермен бірлесе жасалатын ортақ мүмкіндіктері талқыланды.
Жұбанов университеті әлемдік сұхбат алаңындағы маңызды кездесулер мен басқосуларда замануи келіссөздер мінберінде.