Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Президент: Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдары айқын

Президент: Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдары айқын

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың мақаласын ақтөбеліктер де оқып, ел экономикасы мен әлеуметтік саладағы нақты жұмыстардың тиімділігін атап өтті. Әсіресе қашықтан оқыту, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын дамыту, ауыл шаруашылығы мен Абайдың 175 жылдығына арналған мерейтойы жоспары, жаңа міндеттерді қолдады. «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады». Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың бұл мақаласын ақтөбеліктер де оқып, өз ой-пікірін білдірді. Мәселен, төтенше жағдай кезінде қашықтан оқыту жүйесін жандандырған Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары жаңа жүйенің тиімді тұсын айтып берді. Тіпті студенттерге оқу бағдарламасының жаңа мүмкіндіктері үйретілген. Президент тапсырмасы да осы болатын. «Биылғы оқу жылы ойдағыдай аяқта­лады деп ойлаймын. Оқу үлгерімін баға­лауға қатысты еш қиындық туын­дамауы тиіс. Бұл — уақытша қиындық. Бұған түсіністікпен қарап, шәкірттеріне қашық­тан білім беріп жатқан ұстаздар қауымына ризашылық білдіремін» деді Президент Қасым Жомарт Тоқаев мақалада. Расымен дәл осы шақта педагог пен медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі артты. Еліміз үшін ауыл шаруашылығының — маңызы зор. Қазір халықты азық-түлікпен қамтасыз ету негізгі мәселенің бірі. Президент мақаласында кез келген қауіп-қатерге қарамастан шаруа қождалықтардың жұмысы тоқтамауы қажет екендігін тілге тиек етті. Небір алапат соғыста жеңіске жетіп, талай қиындықты басынан кешкен қазақ халқы бұл індеттен де аман — есен өтеді. Тарихшы Дәулет Әбенов ел Президентінің мақаласын осылай тұжырымдады. Төтенше жағдайға қарамастан кейбір шаралар онлайн түрде өткізілді. Ұлыларды ұлықтап, Әл-Фараби мен Абай Құнанбаевтың мерейтойы аясында көптеген жоба іске асты. Әлеуметтік желілерде де кеңінен насихатталуда. Сондай-ақ Президент Қасым — Жомарт Тоқаев елімізді өркендету үшін табысты еселеп, жаңа белестерді бағындыра беру керек деді. Халықты барлық қиындықты бірге жеңуге шақырды.

Гүлия Айтуғанова

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/prezident-kazakstannyn-strategiyalyk-bagyt-bagdary-aikyn