Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Туған тіл мен ынтымақ-бірлік — басты құндылықтар

Туған тіл мен ынтымақ-бірлік — басты құндылықтар

Мира БАЛТЫМОВА,

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің бас ғылыми хатшысы.

«Пандемия кезінде бүкіл қоғамымыз сынға түсті. Көптеген азаматтар қиын сəтте елге қызмет етудің озық үлгісін танытты. Бұл — парасатты патриотизмнің көрінісі».

Қазақстан  Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» атты сұхбатында әділ түрде осылай деп атап өтті.

COVID-19 дертініңпандемиясы әлемдегі қалыпты тіршілікке айтарлықтай өзгеріс енгізді, дегенмен елімізде дағдарысқа қарсы шаралар дер кезінде қабылданды. Осындай күрделі кезеңде халыққа мемлекет тарапынан түрлі көмек көрсетіліп жатыр. Президент қолдау шараларының алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Мемлекет басшысы: «Қазір халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету — негізгі мəселенің бірі», — дей келіп, əлеуметтік-экономикалық ахуалдың тұрақтануы мен ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында атқарылатын істерге тоқталды. Сондай-ақ ауылдағы жастарға жағдай жасап, оларды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін ерекше атап өтті. Бұл көңілге үлкен үміт ұялатады.

Өмірде, бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістер бізге қиындықтарды еңсеруге əрдайым дайын болу керектігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты, ең алдымен, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды қорғап қалу — бүгінгі ұрпақтың парызы екенін Президент өте орынды атап өтті. «Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дəстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Əсіресе мемлекеттік тілдің мəселесі өте маңызды. Тіл — ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты əлемге таныта алады. Халықтың тілі — халықтың төлқұжаты. Мұны əрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Расында, туған тілі мен ынтымақ-бірлігін сақтаған халық қандай қиындықтан да аман өте алады.

https://aqtobegazeti.kz/?p=86973