Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қашықтан оқу

Қашықтан оқу

Еліміз бойынша қашықтан оқу мерзімі аяқталып, енді қашықтан емтихан тапсыру кезеңі басталып жатыр. Мектеп оқушылары аралық бақылауды бастап кетті, келесі аптады тоқсандық баға шығады. Ал жоғары оқу орындарының студенттері емтиханға дайындықты бастады. Биыл емтиханды онлайн тапсырып, дипломды да ауылдарында отырып қорғайтын болды. Жоғары оқу орнындағы оқу процесі туралы тілшіміз айтып береді. Қашықтан оқу жүйесі оқытушылар мен білім алушылар үшін тың тәжірибе. Әсіресе ЖОО студенттеріне шетел ғалымдарымен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік туды. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жастары халықаралық ынтымақтастық шарттарына сай өзге елдің ғалымдарынан онлайн режимде дәріс тыңдады. Шалғай елдімекендерде тұратын түлектерге уақыт тиімділігі қамтамасыз етілген, яғни, тапсырмаларды, қорытынды емтихандарды орындау уақыты ұзартылған. Білім ордасының қызметкерлері қашықтан оқу жүйесін жаңғырта келе студентердің сабаққа қатысымы мен оқытушылардың дәрісті өткізу деңгейін де бақылап отыр.  Университетте білім алып жатқан 16 мыңға жуық студенттің барлығына талап ортақ. Дегенмен, ауысымдық емтихан ережелеріне өзгерту енгізілді.  Жұбанов университетін биыл 3000-нан астам жас маман тәмамдамақ. Бітірушілердің барлығы мемлекеттік емтихан мен дипломдық қорғау жұмыстарын да қашықтан тапсырады.

 

Әсем  Самбаева

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/kashyktan-oku