Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Түлектер жұмыссыз қалмайды

Түлектер жұмыссыз қалмайды

Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуын жеңілдету мақсатында Жұбанов университетінде  Ақтөбе облысының ұйымдары, бизнес-құрылымдары, бизнес-бірлестіктері өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

ZOOM форматында өткізілген НR кездесуге 800-ге жуық студент жиналды. Сондай-ақ, конференцияға «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ,  «Aqtobe su-energy group», Ақтөбе облысының Әділет департаменті, Ақтөбе қаласының Полиция басқармасы, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «АТФ БАНК» АҚ, «Jysan Bank», Зеретур» ЖШС, «Гидроэкономикс» ЖШС  және 20-ға жуық мекемелер мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Компания өкілдері студенттерді бос жұмыс орындары және жұмысқа қабылдау шарттары, сонымен қатар өндірістік практиканы ұйымдастыру туралы ақпараттармен таныстырды.

Жұбанов университетінің Мансап орталығы атап өткендей, мұндай кездесулер жоғары білім беру нарығы мен еңбек нарығының тиімді өзара әрекеттесуі үшін қажет. Олар университет пен жұмыс берушілердің, әлеуметтік серіктестердің арасындағы қарым-қатынасты орнатуға, сонымен қатар түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал етеді.