Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Абай > Жасымда ғылым бар деп ескермедім…

Жасымда ғылым бар деп ескермедім…

Абай мұрасы — біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Ақынның ұрпаққа қалдырған аманантын жаңғырту мақсатында Жұбанов университетдегі «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығы Абай поэзиясына арнап инста-байқау өткізді. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» тақырыбындағы конкурсқа еліміздің әр өңірлерінен 16-30 жас аралығындағы өлеңсүйер қауым қатысты. Қазылар алқасы олардың қазақша сауатты сөйлеуін, ойын жүйелі жеткізе білуін және Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша білім деңгейін басты назарға алған. Бірінші орын қызылордалық үміткер бұйырған. Сыйақыға 50 мың теңге табысталды. Екінші орынға 25 мың, қос үшінші орын мен «Көрермен көзайымы» номинациясына 10 мың теңгеден үлестірілді. Рухани танымдық шаралар тағы да жалғасын таппақ.

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/zhasymda-gylym-bar-dep-eskermedim