Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сүйікті қалаға сыйлық

Сүйікті қалаға сыйлық

Жұбанов университетінің студенттері бүгін қала күнін атап өтті.

Қала әкімдігінің қолдауымен,  қоғамдық экологиялық бірлестіктердің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, студенттер «Бірге — Таза Ақтөбе» экологиялық сенбілікке қатысты.

Сенбілік барысында эко-волонтерлар «Шаңырақ бесік» (ғашықтар тауы) аумағын жинады.  Белсенді жастар  белгіленген аумақтарда қарқынды жұмыстар жүргізіп, күл-қоқыстарды, қураған ағаштарды жинастырып, оларды шығарды.

—    «Шаңырақ бесік»  аумағы көптеген азаматтар үшін символдық орын. Туған қаламыздың тазалығы оның тұрғындарына байланысты болғандықтан, қаладағы тазалықты үнемі ұстану қажет. Біз туған жердің табиғатына, оның таза сақталуына үлес қосуға дайынбыз, — деді Жұбанов университетінің экологиялық қозғалысының белсенділері.