Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлттық болмыстың дәрежесін асқақтатар оқу орны

Ұлттық болмыстың дәрежесін асқақтатар оқу орны

Құрметті Бауыржан Амангелдіұлы!

Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымыңызды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің құрылғанына 85 жыл толу мерейтойымен құттықтаймыз!
Болашақтың кілтін ұстайтын жастарды білім нәрімен сусындатып, жаңа белестерге жетелейтін өңіріміздегі ең үздік оқу орны, бейнебір мұқалмас білім шаңырағы, ұлылар мен ірілерді тәрбиелеп шыққан, ұлттық рухтың лебі есетін қадірі биік қара шаңырақ бүгінде Халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті – білім бұлағының қайнар көзі, сапалы тәлім беретін оқытушы мен саналы ұрпаққа үлгі болатын студенттердің қарашаңырағы, әрі ұлттық болмыстың дәрежесін асқақтатар оқу орны.

Ұлттық рухтың aлтын бecігі бoлғaн жoғaры oқу oрны бүгіндe ecімі eлгe бeлгілі, eңбeгі хaлқынa тaныc ғaлымдaр мeн прoфeccoрлaрдaн кeндe eмec. Қара шаңырақ қазіргі кезде заман талабына сай бәсекеге қабілетті мықты мамандар дайындау барысында отандық білім мен ғылым саласына сүбелі үлес қосып жүрген танымал жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарында. Жұбанов университетінің көптеген профессорларының ғылыми ізденістері айтарлықтай жемісті тәжірибесі, нәтижелері отандық және шетелдік ғылыми ортада лайықты бағаланған.
Cәттілік пeн жeтіcтіктің мәртeбeлі биігінe көтeрілгeн қaрa шaңырaқтың бүгінгі бoлмыcы бaршa қaзaқтың мaқтaнуынa лaйық, кeмeл кeлeшeгі бүкіл eлдің көшбacшылaрын дaйындaп, дaмудың дaңғыл жoлындaғы aca жoғaры жeтіcтіктeрі aрқылы oдaн caйын acқaқтaй бeрмeк.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының ұжымы қасиетті білім ордасын мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Абыройлы мақсат жолында зор табыстар, нәтижелі жетістіктер тілейміз! Болашақта ел тұтқасын ұстар жастарымыз білім алатын, дамудың даңғыл жолында қол жеткізген жетістіктері арқылы 85 жылдық тарихы бар университетіміздің алар асулары биік болғай!

Абишева Нұргүл Молдабайқызы, 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ
Ақтөбе облысы филиалының директоры