Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жоғары колледжге екі жыл

Жоғары колледжге екі жыл

Жұбанов университетінің ректоры, профессоры Бауыржан Ердембековтің бастамасымен 2018 жылы 1 маусымда сатылы білім жүйесін іске асыру мақсатында университеттің құрылымы  ретінде «Жоғары колледжі» ашылды.

Екі жыл ішінде оқу орны қазақстандық білім берудің  қазіргі тенденциялары мен дәстүрлерін негізге ала отырып, бәсекеге қабілетті,  жоғары білікті және кәсіби, шығармашылық әлеуеті жоғары  нағыз мамандарды дайындайды.

Колледж 22 мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім мамандарын даярлайды, бүгінгі таңда 700-ден астам студент білім алады.

Екі жыл ішінде колледж білім алушылары бірнеше рет халықаралық, республикалық және аймақтық кәсіптік жарыстар мен олимпиадаларда жеңімпаз атанды.