Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қоршаған ортаға қамқорлық

Қоршаған ортаға қамқорлық

Бүгін Қазақстанда эколог күні. Бұл кәсіби мереке «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңында белгіленген. Мұндағы кәсіби мерекелер тізімі 2011 жылы жаңартылған болатын. Эколог күні елде демалыс күні болып саналмайды.

ЭкоАрсу қозғалысының жас мүшелері қоршаған ортаны қорғаудың тамаша үлгісін ұсынады. Жұбанов университетінің бір топ белсенді студенттері қаланың тазалығына ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс жасады. Олар қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосуда.  Қаңтар айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан студенттер әр адам өзінің туған өлкесінің табиғатын таза ұстауға мән беру қажет деп санайды.

— Қала орталығы мен қоғамдық орындарды, таза ұстау әрбір шаһар тұрғындарының міндеті. Тазалық әркімнің жеке гигиенасы ғана емес, ол бүкіл қоршаған ортаның, ауыл-аймақтың, қаланың, көшелер мен қоғамдық орындардың және тағы басқалардың тазалығы. Бұл жерлердегі тазалықты сақтау — баршамыздың міндетіміз. Тазалықты сақтау өзімізден, үйімізден, ауламыздан басталады. Өзіміз тұратын аула, өзіміз жүріп өтетін аймақ, өзіміз оқитын ғимарат маңы барлығы да тазалықты талап етеніні сөзсіз… Сондықтан тазалық сақтауды әркім өзінен және басқаларға  ескертуден бастауы  қажет. Тазалық сақтау, қаламыздың сәнін келтіру, оны көрікті ету бәріміздің міндетіміз, — дейді олар.