Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бітіруші түлектерге онлайн кеңес айтылды

Бітіруші түлектерге онлайн кеңес айтылды

 Жұбанов университетінің  Кәсіби даму және мансап орталығы Нұр-Сұлтан қаласы «Қаржы орталығы» АҚ-ның мониторинг бөлімі маманы Балнұр Туктыбаевамен кездесу ұйымдастырды. Тікелей эфирге декан орынбасарлары, профессор-оқытушылар, бітіруші түлектер мен магистранттар қатысты. Тікелей эфир кезінде жас мамандардың жұмысты өтеу міндеті мәселесі талқыланды.

Балнұр Туктыбаева өз кезегінде негізгі нормативтік құжаттарға тоқталды, олар мемлекеттік білім беру тапсырысы, ауылдық квота, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан түлектерді жұмыспен қамтуды реттейді. Тікелей эфирде бөлім маманы ҚР «Білім туралы» Заңының 47 бабының 17-тармағына сәйкес жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 3 жыл жұмыс істеу міндетін және жас мамандарды жұмыс орындарына бөлу туралы айтып берді.

Кездесу барысында түлектер өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Онлайн кездесуде «Қаржы орталығы» АҚ және Кәсіби даму және мансап орталығының мамандары «Қаржы орталығына» жіберілетін құжаттарды толтыруға және жұмысқа орналасуға жауапкершілікпен қарауды ұсынды.