Понедельник, Март 20, 2023
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми атақ берілді

Ғылыми атақ берілді

«Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 164 бұйрығына сәйкес 05.16.00 — Металлургия мамандығы бойынша Бауыржан Келамановқа қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

«Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2020 жылғы 18 мамырдағы №184 бұйрығына сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы 01.04.00 – Физика мамандығы бойынша Шынар Сагимбаеваға және Нұргүл Жантуринаға берілді.

Сонымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универистеті Диссертациялық кеңесінің 2020 жылғы 5 наурыздағы (№438-п бұйрық, 16.03.2020 ж.) шешімімен Нұргүл Утарбаеваға 6D060700-Биология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

 

Құттықтаймыз!