Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұстазы мықтының ұстамы мықты

Ұстазы мықтының ұстамы мықты

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің құрметті оқытушылар құрамы мен студенттері!

Сіздерді университеттің 85 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Қ. Жұбанов атындағы білім ордасы әрқашан өзінің жылдар жалынында шыңдалып, толысқан тәжірибесі және инновациялық бағдарымен, жаңашыл жобаларымен үздіксіз дамып, ілгері ұмтылыстарының нәтижесінде алдыңғы қатарда. Бұның барлығы Ақтөбе өңірінде білім мен ғылымның дамуына, осы салада мойындалған көшбасшы ретінде танылуларыңызға үлкен мүмкіндік береді.
Мен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің өзара сенімге негізделіп, уақыт тезінде сыналған ашық та тиімді серіктестіктігін ерекше мақтанышпен айта аламын. Шынымен де университеттің кадр құрамы нағыз білікті мамандардан құралған деп айтуға негіз бар. Кезінде екіжақты шешіммен Құдайберген Жұбанов университетінде тау-кен ісі және металлургия факультеті құрылған болтын. «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» деген… Мықты оқытушылардан тәлім алған түлектер бүгінде «Қазхром» ТҰК» АҚ кәсіпорнына білікті мамандар ретінде келуде. Сіздің түлектеріңіз – біздің компаниямыздың бірнеше биік белестерді бағындыруына және Қазақстанның өркендеуі үшін еселі еңбек етіп жатқан қарымды қызметкерлеріне айналды!
Қ.Жұбанов атындағы университет – өңірдегі көптеген оқытушылардың ізін жалғаған білім беру тарихының бір бөлігі. Профессор-оқытушылар құрамына студенттерінен сұранысқа ие, жан-жақты кәсіби маман шығуына, білім мен жұмысқа сүбелі үлес қосып жатқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс ақтаруға рұқсат етіңіздер. Сіздер, құрметті ұстаздар, әлемде инновациялық ойдың өркендеуіне тікелей атсалысып, ғылым мен техниканың барлық озық жобаларына үлес қосып келесіздер.
Университеттің барлық ұжымына көпжылдық ынтымақтастық пен сенімді серіктестікті нығайту жолындағы еселі еңбек үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

Қымбатты достар! Аты аңызға айналған ЖОО-ның түлегі бола тұрып, шын жүрегіммен бәріңізді жаңа технологияларды игере отырып, жаңа жетістіктерге бірге жетуге шақырамын! Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт,бақ пен береке тілеймін!

Құрметпен,
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Жалғас Мұсабеков