Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми-танымдық семинар өтті

Ғылыми-танымдық семинар өтті

2017 жылдың қазан айының 10 күні университетіміздің жас оқытушылары мен 1-курс магистранттары, докторанттарына арналған Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Ж.Е.Иманчиевтің ұйымдастыруымен «ЖАСТАР ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДА» атты ғылыми — танымдық семинар өтті.

Семинарға ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров, ғылыми-инновациялық бағдарламалар департаментінің директоры М.Жиенқожаев, педагогика факультетінің деканы Ж.Жусупова, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы А.Нуритдинова қатысты.

Семинар барысында баяндама жасаған физика ғылымдарының PhD философия докторы Н.Н.Жантурина ҚР БҒМ Білім және Ғылым Саласындағы Бақылау Комитетінде тіркелген журналдарға, импакт – фактор журналдарына мақала жариялау ережелерімен Индекс хиршаның тектелуі туралы толық мағлұмат беріп өтті. Сондай-ақ, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Қ.Т.Қуанжанова ғылыми зерттеулердің әдіснамасы туралы магистранттарға айтып өтті. Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Ж.Е.Иманчиев «Магистранттардың кәсіби мәнді сапаларын дамыту» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Аталмыш семинарда қатысушылар көптеген тәжірибелерді жинақтады. Мұндай ғылыми-танымдық шаралар болашақ магистрлердің, жас оқытушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, кәсіби сапаларын дамытуға септігін тигізері анық.