Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Магистратураға құжаттар қабылдау басталды

Магистратураға құжаттар қабылдау басталды

Жұбанов университетіне магистратураға түсуші тұлғалар үшін құжаттар 15 маусым — 15 шілдеге дейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау университеттің қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
1) Университет ректорының атына еркін түрде өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) 3×4 өлшемді 6 дана фотосурет;
5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6697 тіркелген) (бұдан әрі — № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
6) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат;
7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) жоғары білім туралы электрондық құжат;
4) шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат;
5) еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
6) көлемі 3×4 фотосурет;
7) №907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы электрондық форматта медициналық анықтама;
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы беріледі.