«Коронавирус COVID-19» деп аталатын пневмония індеті әлі де болса өршіп тұр. Қауіпті індетті жұқтырмау үшін ең алдымен иммунитетті көтеру керек. Коронавирус инфекциясының белгілері қандай? Вирус қалай тарайды? Қалай сақтану керек?
Коронавирус белгілері:
- дене қызуының көтерілуі;
- тұмау;
- бас ауруы;
- жөтел;
- тамақ ауруы;
- әлсіздік;
- іш өту.
* иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.
Инкубация кезеңі – 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.
Инфекцияның берілу жолдары:
- көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;
- тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)
Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.
Профилактика шаралары:
– қол және тынысалу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы сабынмен мұқият жуу, сабын болмаса, антисептиктерді, спиртті, санитайзерлерді қолдану;
– иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;
– бөлмені желдету;
– жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;
– тыныс алу органдарының шырышты қабығы қабынған адамдармен қарым-қатынас жасамау;
– короновирус тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;
– адам көп жиналатын жерлерден алшақ болу.