Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім бағыты бойынша үздіктер анықталды

Білім бағыты бойынша үздіктер анықталды

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік-Рейтинг жыл сайын ұлттық БАҚ-та және Агенттіктің сайтында нәтижелерін жариялай отырып, Қазақстанның үздік ЖОО-ларын ұсынатын білім сапасы бойынша саралайды.

2020 жылы институционалдық рейтинг 2008 жылдан бастап 12-ші рет жүргізілді, ал бакалавриат/магистратураның білім беру бағдарламаларының рейтингі 2013 жылдан бастап 8-ші рет жүргізілетін болады. IQAA рейтингтерінің артықшылықтары уақытпен тексерілген беделділік, объективтілік және сенімділік болып табылады.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2020 жылғы Ұлттық рейтингінің нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарының арасында Жұбанов университетінің төмендегі білім бағдарламалары  бірінші орынға ие болды.

  • В010 – Физика мұғалімдерін даярлау бакалавриат білім беру бағдарламаларының тобы;
  • В014 – География мұғалімдерін даярлау бакалавриат білім беру бағдарламаларының тобы;
  • М005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау магистратура білім беру бағдарламаларының тобы;
  • М010 – Математика мұғалімдерін даярлау магистратура білім беру бағдарламаларының тобы;
  • М011 – Физика мұғалімдерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) магистратура білім беру бағдарламаларының тобы.

 

Құттықтаймыз!