Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің үлгісі

Жұбанов университетінің үлгісі

Күні кеше ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ашық диалог платформасы арқылы онлайн қабылдау өткізді.

Онлайн кездесуде  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне «Smart University» жобасы таныстырылды.

«Smart University» жобасы —  2019 жылдың қазан айынан бастап Жұбанов университетінде жүзеге асырылуда және бүгінгі таңда жоғары білім беру саласындағы ақпараттық технологияларды дамытуда өзінің тиімділігін көрсетті.

Қазіргі карантин кезеңінде университет түлектері үйден шықпай-ақ «Smart ARSU» мобильді қосымшасы арқылы кету парақтарын, сондай-ақ  аталған оқу ордасының Студенттерге қызмет көрсету орталығының басқа да онлайн қызмет түрін пайдаланды.

Онлайн кездесуде  аталған жобаны  артықшылықтары мен тиімділігі туралы айтылды. Сондай-ақ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Жұбанов университеті үлгісінде Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында «Smart University» жобасын енгізу бастамасын қолдады.