Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Байқау жеңімпаздары анықталды

Байқау жеңімпаздары анықталды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университетінің Медиа орталығы ұйымдастырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Тоғыз айға жалғасқан байқау нәтижесінде әріптесіміз, облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Ақерке Сатыбалды «Интернет-БАҚ-тағы үздік  материал» номинациясы бойынша жеңімпаз атанса, «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Татьяна Виноградова  «Баспасөз БАҚ-та жарияланған үздік материал» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Ал «Үздік телевизиялық материал» номинациясын «Aqtòbe»телеарнасының редакторы Әлия Оразай жеңіп алды.

«Аймақтық жоғары оқу орындарының қазіргі жағдайында білім мен ғылымды дамыту» байқауы аталған оқу ордасының оқытушылық қызметін, студенттердің жетістіктері мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің даму тенденцияларын танымал ету мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Жеңімпаздар Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында марапатталды. Биылғы байқаудың ерекшелігі — жұмыстар электронды түрде қабылданып, нәтижесі онлайн форматта таныстырылды. Байқауда жүлде алған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Сонымен қатар жоғары білім саласындағы жетістіктерді сапалы насихаттауға үлес қосқан бірқатар журналистер ақшалай сыйлықтар мен университет ректорының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков журналистерге жоғары оқу орнымен тұрақты және тығыз байланыс орнатқаны үшін алғыс айтып, университеттің ғылым-білімді дамытудағы шаралары мен рухани өмірі ақпарат құралдары арқылы жиі көрініс табатынын атап өтті.

 

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

https://aqtobegazeti.kz/?p=88986