Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > TOEFL халықаралық емтиханы Жұбанов университетінде өтуде

TOEFL халықаралық емтиханы Жұбанов университетінде өтуде

Былтыр Қазақстанда магистратура мен докторантураға оқуға түсу ережесі өзгерген болатын.  Осыған дейін магистратураға гранттар жоғары оқу орындарынан тағайындалып, өздері тапсырма дайындап, емтихан өткізіп, түсту туралы шешімді өздері қабылдады. Енді магистратураға іріктеу GMAT форматы бойынша бірыңғай емтихан арқылы өтеді. Яғни үміткерлер Ұлттық тестілеу орталығы дайындайтын кешенді тест тапсырады. Тест нәтижелері бойынша саралау жүргізіліп, жоғары балл жинаған талапкерлер грант иеленіп, ерікті түрде өзі жоғары оқу орнын таңдайтын болады.

Айта кетейік, магистратураға түсушілер дайындық бағытының шеңберіндегі нақты білім беру бағдарламаларының тобын көрсетуі қажет. Үміткерлер шет тілін тапсырады (бұған дейін де солай болған), сонымен бірге білім алуға дайындығы және 2 салалық пән бойынша тест тапсырады. Ал, докторантура форматында үлкен өзгеріс жоқ.  Талапкер докторантураның салалық пәні бойынша қай оқу орнына түссе, сол жерде, сол университетте емтихан тапсырады, сонымен қатар шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынады. Мұндағы басты өзгеріс – енді докторантураға түсу үшін халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL және т.б.) талап етіледі. Докторантура талапкерлері үшін шет тілі бойынша тестілеуді енді Ұлттық тестілеу орталығы өткізбейді.

Осыған орай бүгін Жұбанов университетінде  магистратура мен докторантураға түсуге үміткерлер TOEFL халықаралық емтиханын тапсырады.

Естеріңізге сала кетейік, Жұбанов университеті ETS Global желісіне еніп, халықаралық сертификаттарды бере отырып, Батыс аймағындағы  TOEFL ITP, TOEIC ресми аккредиттелген емтихан орталығына айналды.

 

Тестілеуге қатысатын тұлғалар үшін

 Құжаттардың тізбесі:

  • өтініш;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • төлем туралы түбіртек.

Байланыс телефондары:

8 (701) 264-06-06, 8 (702) 877-04-50

arsu_toefl@mail.ru; icc.arsu@mail.ru

 

P.S. IELTS пен TOEFL сынды сынақтарды көбінесе шет елге оқуға түсетіндер мен ағылшын тілді елдерге барып тұрақты түрде тұруды жоспарлап жүрген адамдар қажет етеді. Сондай-ақ, осындай құжат иегері еліміздің жоғары оқу орындарының магистратурасы, докторантурасы немесе резидентурасына түскісі келіп, сертификаттағы баллы талап етілген деңгейге сай болса, шет тілінен тапсырылатын міндетті емтиханнан босатылып, шет тілінен ең жоғары ұпай алады.

TOEFL (Test of English as a Foreign Language) — стандартты американ ағылшын тілінің университет деңгейіндегі білімін тексеру мақсатында қолданылатын сынақ жүйесі. Шетелде білім алғысы келетін талапкерлерден ағылшын тілді елдердің ЖОО-ы талап ететін халықаралық тест болып табылады. Тест нәтижесі екі жылға жарамды.