Суббота, Октябрь 1, 2022
Басты > Жаңалықтар > Сақтық шаралары сақталуы тиіс

Сақтық шаралары сақталуы тиіс

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескеріп,  5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жарияланды.

Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары  екі аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап отыр. Бұл жаңа шектеу шаралары өте дұрыс қабылданған шешім. Аурулар саны тежеліп бір денгейге шыққанша карантин тоқтамау керек. Бір денгейден төмендегеннен кейін карантинді жеңілдетуге болады.

Адамдар карантинде сақтық шараларын ұстанса деймін. Елімізде той, қуаныш болғаны жақсы ғой, бірақ мындай әлемді дүрліктірген ко­ро­­навирус індеті жақын ағайынымыздың отбастарына да жетіп жатыр. Оның таралуына тойлар мен садақаларда ағайындардың бас қосуы басты себепкер болып отыр. Ағайындар арасында жақындарымыз осы індеттен көз жұмып, қаншамасы өмір мен өлім арасында арпаласып жатыр.

Бір сәт ойланайық ағайындар, бұл уақытша қиындық болар, той жасамай, садақа бермей, көпшілік жиналатын жерге бармай, сақтық ережелерін ұстанайық. Әрине, өмір жолындағы шешімі қиын жағдайлар қабілетіміз бен мүмкіндіктерімізді шыңдай түсері анық. Дегенмен, елде амандық болсын!

Барынша сақтық ережелерін ұстанайық, вирустың қауіпті екенін ұмытпайық ағайындар!

 

Гүлбану Такишева,

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің  Үздіксіз білім беру институтының директоры