Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > Жаңалықтар > Көңіл айтамыз

Көңіл айтамыз

96 жасқа қараған шағында профессор, лингвист ғалым, қазақ тіл білімін зерттеуге өлшеусіз үлес қосқан ҰҒА академигі Рәбиға Сыздық дүниеден озды.

Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық –1924 жылы 17 тамызда Ақтөбе облысы, Ойыл ауылында туған. «Абай шығармаларының тілі» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV — XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті салаларына арналған. 130-дан астам ғылыми жұмыс, оның ішінде 9 монография, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

Рәбиға Сәтіғалиқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Түрік Тіл қоғамының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері.

Рәбиға Сыздықтың  дүниеден өтуіне байланысты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұжымы отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.