2020 жылдың 15 маусымынан 15 шілдесіне дейін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізілуде.
Ағымдағы жылы түсушілер өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн тапсырады. Өтініш беру үшін түсуші https://egov.kz/ мобильді деректер базасына тіркеліп, содан кейін http://did.gov.kz сайтында Digital ID-сандық төлқұжат жасауы қажет (жеке басын растайтын құжат). Сандық төлқұжатты жасағаннан кейін түсуші https://pvo-zayav.testcenter.kz веб-сайтына өтіп, қажетті деректерді толтырып, тіркелуі керек. Кешенді тестілеуге төлем бағдарламалық кешен арқылы онлайн жасалады.
Кешенді тестілеуге қатысу құны – 8292 теңге.
Кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 1-15 тамызы аралығында жүргізіледі.