Четверг, Август 13, 2020
Басты > Ел жаңалықтары > Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға тіркелген талапкерлер үшін!

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға тіркелген талапкерлер үшін!

Құрметті талапкер егерде Сіз наурыз айында өтетін  ҰБТ-ға тіркеліп, маусым айында ҰБТ-дан шекті балл жинай алмасаңыз немесе нәтижелеріңіз жойылып тестілеуге жіберілмей қалған болсаңыз онда ubt2020.testcenter.kz сайтына өтіп, ЖСН мен ТЖК  енгізу арқылы ақпарат ала аласыз. Сондай-ақ, мұнда  тамыз айында өтетін ҰБТ-ны  тапсыруға қажетті  қалаңыз бен тестілеу тілін таңдайсыз.

Бұл тіркелу жолы  тек наурыз айында  ҰБТ тапсырушы талапкерлерге арналған.   Ал, тамыз айында өтетін  ҰБТ-ға жаңадан тіркелуші талапкерлер  үшін арнайы сілтеме 2020 жылдың 24 шілде күні жарияланады.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі

«Ұлттық тестілеу орталығы»