Четверг, Август 13, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Мағыналы мақсат – жемістілікке жетелейді

Мағыналы мақсат – жемістілікке жетелейді

Ғылым саласында өз алдыма талап етіп қойылған мақсаттарымның орындалуы – тарихи жетістікке жетеледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы – нақты ғылым саласында жетістіктікке жетуің үшін шындалатын орта деп білемін. 

Бірінші курс магистранты атанғаннан кейін менің бакалавр дәрежесінде жан-жақты білім алуыма және сапалы маман ретінде қалыптасуыма ерең еңбегін тигізген, дипломдық жұмысымдағы ғылыми зерттеулерді бірге жүргізген ғылыми жетекшім, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің  “Құқықтану” кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты доцент Нурлин Ақылбек Қылышниязұлы ұсыныс жасады. Әрине, бұл ұсыныс магистратура бағытында елімізде оқып шектелмей, Еуропада өз білімімді шыңдап, тағы да бір Еуропалық үлгідегі дипломға ие болу екен.

Яғни, университеттің даму стратегиялық бағыттарының бірі – Қос дипломдық бағдарламасы. Осылайша, аталған бағдарлама бойынша менің бағытым біздің университеттің серіктес оқу орындардың бірі-Я.Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университеті, Заң факультеті, “Прокурорлық қадағалау” мамандығына қадам басты. Гродно қаласына жету үшін құтты мекен Ақтөбе қаласынан жолға шығып, Ресей Федерациясының терреториясынан өтіп, Белоруссия Республикасының астанасы – Минск қаласынан Польша мемлекетіне қарай сәтті бағытталдым.

Танымайтын өлке, таныс емес зиялы қауым, бейтаныс профессор оқытушылар қауымымен кездесіп, мақсаттарым мен миссиямды нақтылап, заң факультетінің деканы Светлана Егоровнаның келісімімен бекітілді. Оқу процесінде айтарлықтай өзгешіліктерді байқадым, солардың бірі мен үшін ерекше болған дәріс сот сараптамасының өзекті мәселелері сабағында көшпелі сот отырысына қатысуым еді. Көшпелі сот отырысына мен секілді магистранттар және студенттер шынайы сот процесін өз көздерімен көріп, судья мен прокурордың кәсіби жұмысын зерделеуге мүмкін береді.

Иә, өзіміз білетіндей және айтып жүрген, практик-мамандардың теориялық оқу процесіне қатысуы және олардың кәсіби дәрістері мен практикалық сабақтарының маңыздылығы. (бұл жерде студенттер мен магистранттар арнайы қалалық немесе облыстық сотының ғимаратына бармай, керісінше сот процесі көшпелі форматта университеттің оқу сот залында өтеді) дәрістер мен практикалық сабақтардың барлығын 4 кафедрадан тұратын заң факультетінің заң ғылымдарының докторлары мен профессорлары жүргізді. 

Зерттеу жұмыс жүргізуім үшін ғылыми жетекшіммен танысып, бірден өзім армандаған және қызығушылығымның барлығы дерлік сол бағытта екенін айта алатын – қылмыстық құқықты таңдадым. Ғылыми жетекшім заң факультеті деканының орынбасары, з.ғ.к., доцент Ирина Моисеевамен бірге жеке жұмыстардың жоспарын құрып, ғылыми жұмысымыздың зерттеу әдістерін бірден тек зерделеп, мақсатымызды нақтыладық. Осылайша, оқу жылын сәтті аяқтап, магистрлік диссертациямды мемлекеттік комиссияның алдында онлайн форматта жоғарғы деңгейде қорғап, комиссия мүшелерінің ерекше мадақтау пікірлеріне бөлене отыра, мақсатыма жеттім. 

Мақсаттарымның бірі өзге елдің магистранттарымен бірдей, иық теңестіре отыра, білімімді шыңдау еді. Иә, сол елде оқи отыра, мен сол өлкеге барғанда құшақ жая қарсы алатын Польша, Белоруссия, Тәжікстан, Армения, Германия мемлекеттерінен келген жас достарымды таптым және керемет достық көпірді орнаттым. Тарихи және ғылыми бақыт сыйлаған, әрқашан “Жас Жұбановшыларды” қолдайтын университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембековке алғыс білдіремін. Жоспарлаған даму бағыттарыңыз мен секілді магистранттар мен студенттердің жетістіктерге жетіп, ғылыми кеңістіктерін жоғарлатуына үлкен септігін тигізетіне кәміл сенімдімін.

Ақылбек ҚОНЫСОВ,
Құдайберген Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік университетінің
Жоғары колледж оқытушысы

https://bilimdinews.kz/?p=111393