Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Болашақ чемпиондар бақ сынады

Болашақ чемпиондар бақ сынады

Кеше Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінде талапкерлер үшін шығармашылық емтихандардың кезеңі басталған болатын. Бүгінде университеттің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының шығармашылық сынағына 160-қа жуық  талапкер ниет білдірген.

Аталмыш  мамандыққа тапсырушы талапкерлер бақылау нормативтері барысында жалпы дене дайындығының нормативтері мен мамандану бойынша нормативтерді орындады.

Ер балалар кермеде тартылу және тұру қалпынан отырып тұрудан, ал қыздар шалқалап жату қалпынан денені көтеру және тұру қалпынан отырып тұрудан арнайы емтихан тапсырды.

Емтиханға облысымыздың барлық ауыл-аймағынан және  Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Шымкент облыстарының түлектері қатысып отыр.  Оқуға түсуші талапкерлердің  арасында баскетбол, пауэрлифтинг, волейбол, гандбол, күрес және тағы да басқа спорт түрлерінен Халықаралық және Республикалық жарыстардың жеңімпаздары бар.