Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Көңіл айту

Көңіл айту

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұжымы қабырғалы қаламгер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, университетіміздің құрметті профессоры Қажығали Мұханбетқалиұлының орны толмас қазасына байланысты Қазақ елі мен мен марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Ардақты ағамыз университетімізде өткізілген айтулы шараларға қатысып, салмақты ойларымен және зерделі естеліктерімен жас ұрпақ санасына руханият уызын сіңіре білді.

Жазушының «Тар кезең» романы  мен қоғам құбылыстарын шебер суреттеген әңгімелері әдебиетімізге қосылған өлшеусіз үлес болып табылады.

Абыз ақсақалымыз Қажығали аға Мұханбетқалиұлының зиялы бейнесі жадымызда мәңгі сақталады!

 

Ректор 

Бауыржан Ердембеков