Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құжаттар онлайн қабылданып жатыр

Құжаттар онлайн қабылданып жатыр

Колледждерге түсу үшін құжаттар 20 маусымнан 25 тамызға дейін қабылданады. Оларды электрондық форматта egov.kz арқылы немесе қағаз нұсқасында тікелей колледжге тапсыруға болады.

Биылғы жылы колледждерге қабылдау аттестаттың жиынтық конкурстық балы бойынша жүргізіледі, ол келесідей бағалардан құралады:

– 9-сынып түлектері үшін міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі) және екі бейінді пән бойынша;

– 11 сынып түлектері үшін екі міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және екі бейінді пән бойынша. ⠀

Ал педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшін:

– ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы арнайы және шығармашылық емтихандар белгіленеді немесе жетістіктер туралы портфолио бағаланады; ⠀

– балл тең болған жағдайда аттестаттың орташа баллы және талапкердің әлеуметтік санаты ескеріледі.  ⠀

Қабылдау комиссиялары құжаттарды қарау қорытындысы бойынша талапкерлерге оқу орнына қабылдау туралы хабарлама жібереді.