Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қош бол, әріптес!

Қош бол, әріптес!

2020 жылдың 26 ​​шілдесінде 62 жасқа қараған шағында білікті маман, ұлағатты ұстаз, әріптесіміз. Көркем еңбек және дизайн кафедрасының аға оқытушысы, ҚР суретшілер одағының мүшесі  Тағыберген Қайрақбаев ұзақ науқастан кейін дүние салды.

Тағыберген Қайрақбаев Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірді. Көп жылдар бойы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ұстаздық қызмет атқарды. Оқытушылық қызмет кезінде әріптестері, шәкірттері оны жақсы адам, білікті маман ретінде танып, құрметтеді. Ақтөбе жұртшылығы университет алдындағы Қ.Жұбанов ескерткішінің, т.б. тамаша өнер туындыларының авторларының бірі ретінде біледі. Т.Қайрақбаев Ахмет Байтұрсынов атындағы төсбелгінің иегері. Жұбайы Айнагүлмен үш бала тәрбиелеп өсірді.

Қош бол, қимас әріптес! Алла алдыңнан жарылқасын!

Асыл бейнең біздің жадымызда мәңгі сақталады.

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе

өңірлік университетінің ұжымы