Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сертификаттар тапсырылды

Сертификаттар тапсырылды

Бүгін Жұбанов университетінде TOEFL ITP емтиханын тапсырған үміткерлерге халықаралық сертификаттар табысталды.

TOEFL емтиханы дағдылардың қалыптасу деңгейін анықтайтын үш бөлімнен тұрды: оқу, тыңдау және жазу. Тесттің әр бөлігі үшін тапсырмаларды орындауға белгілі бір уақыт бөлінді. Алынған сертификаттарды магистратураға, докторантураға түсушілерге пайдалануға болады. Жұбанов университетінде өткен бірінші ағымдағы сынақты 15 адам сәтті тапсырды.

TOEFL сынағы — магистратура мен докторантураға түсушілерге, қызметкерлерге, оқытушыларға, студенттерге, мектеп оқушыларына, орта мектептер мен колледждердің оқытушыларына, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлеріне арналған.

TOEFL (Test of English as a Foreign Language — шет тілі ретіндегі ағылшын тілі емтиханы) — білім алу мақсатында ағылшын тілін қолдану және түсіну деңгейін анықтайтын емтихан. Ағылшын тілінде оқытатын көптеген университеттер,  ағылшыншасы ана тілі еместерден (non-native English speaker), қабылданудың бір шарты ретінде TOEFL-ды талап етеді. TOEFL-дан жиналған ұпайлар екі жыл бойы жарамды.

Еске салсақ, Жұбанов университеті ETS Global желісіне еніп, халықаралық сертификаттарды бере отырып, Батыс аймағындағы  TOEFL ITP, TOEIC ресми аккредиттелген емтихан орталығына айналды. TOEFL сынағы академиялық контексте шет тілін білудің әлемдік стандарты болып саналады.

Келесі ағымдағы сынаққа қатысуға ниет білдіруші үміткерлер төмендегі телефондар арқылы хабарласа алады:  8 701 264 06 06, 8 702 877 04 50, e-mail: arsu_ toefl@mail.ru, icc.arsu@mail.ru.