Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің студенттеріне қосымша 30 грант бөлінді

Жұбанов университетінің студенттеріне қосымша 30 грант бөлінді

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес 2020-2021 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 80 орынға грант тағайындалды.

​Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігінің комиссиясында қаралды. Комиссияның 16 маусымда болып өткен алғашқы отырысында өңірге қажет, сұранысқа ие мамандықтар анықталды.

​2020 жылғы 4 тамызда өткен отырыста жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға бөлінген 80 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жарияланған конкурсына қатысқан 13 жоғары оқу орнының құжаттары қаралды.

Комиссия отырысы барысында ЖОО тапсырған құжаттар негізінде белгілі критерийлер бойынша (кадрлар әлеуеті, жатақхананың болуы, ғылыми жетістіктері, түлектердің жұмыспен қамтылу пайызы, ЖОО-ның рейтингісі) жоғары оқу орны анықталды.

Жұбанов университетінің   математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімдерін даярлау бағыттары бойынша  30 грантқа ие болды.

Сонымен қатар   М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіне -15 грант (резидентура);  Қазақ ұлттық аграрлық университетіне – 8 грант; М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университетіне – 8; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне -7 грант; «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне- 4 грант; С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне – 1 грант (резидентура); Астана медицина университетіне — 2 грант (резидентура); Қазақ ұлттық өнер университетіне – 2 грант; Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясына -1 грант бөлінді.