Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Бақшадағы ғылыми сынақ

Бақшадағы ғылыми сынақ

Отандық селекциядағы қияр өсіру технологиясы алғашқы жемісін берді! Жұбанов атындағы университеттің ғылыми қызметкерлері асқабақ тұқымдас көкөніске тәжірибе жасап, жоғары сұрпын шығаруға болатынын анықтады. Зерттеу жұмысын қолға алғандар тағы бір өнімді «Әлия» деп атауды жоспарлап отыр. Оқытушылардың тәжірибесімен танысқан тілшіміз тақырыпты жалғастырады.

Жергілікті ғалымдар маусым айында қияр өсіруді қолға алды. Тұқым ашық жерге, Жұбанов университетінің аумағына отырғызылды. Тамыз айында асқабақ тұқымдас өсімдіктердің бұл түрі жылыжайларда сыналады. Мұндағы мамандар қорғалған және ашық топырақ бетіне егілген қиярдың өсуін бақылады. Айта кетейік, біз көрген қиярдың өнімі екі айда 3 рет жиналған.

Мұнда отандық селекция саласында сыналған қиярдың барлық түрі бар.  Мамандар тұқымдарды будандастыру арқылы жаңа сорттарын шығарған. Олардың ішінде — «Ұлан стандарт» деп аталатын қияр және одан басқа 5 түрі
өсіп жатыр. Өңір климатына бейімдеп, өнім алу үшін табанды төзім мен еңбек қажет.

Мұндай тәжірибе университетте екі жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл мамандар қиярдың жаңа түрі толық сынақтан өтсе, оны Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына орай «Әлия» деп атауға ниет білдіріп отыр. Айта кетейік, университетте ғалымдардың инновациялық жобаларын қаржыландыру үшін байқау өткен. Ал, мына қияр түрі биология кафедрасы ұсынған жұмыстың нәтижесі. Яғни, мамандар арасындағы бәсекелестік — үздік көрсеткішке бастаған.

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/bakshadagy-gylymi-synak